Тіркелу

Қаражатты салу және шығарып
алу амалдары.

Біз өзіміздің Клиенттерімізбен кез келген ақшалай есеп айырысуда қолайлылық пен сенімділіктің болуы аса маңызды екендігін өте жақсы түсінеміз. Біз өз шотыңыздағы ақша қаражаттын қолайлы әдіспен оңай салу және шығарып алу үшін көп күш салдық.

Skrill
Қаражатты енгізу

Әрекеттер кезегі

  1. Жеке Кабинеттегі «Шотты толықтыру» бөлімінде «Таңдау» пернесін басып, Skrill-мен толықтыру нұсқасын таңдаңыз.
  2. Пайда болған терезеде толықтырғыңыз келетін соманы енгізіңіз, содан кейін «Жалғастыруды» басыңыз.
  3. Төлем рәсімін жалғастыру үшін Сізге төлем орындалатын өзіңіздің әмияныңызды көрсетіп және келесі нұсқаулармен жүріп төлем орындау керек.

Төлем жасау шарттары

  1. Жеке Кабинеттегі Сіздің Негізгі шотқа төлем әдетте дереу түседі, бірақ төлем жүйесінде кідірістер туындауы мүмкін. Ақшалай қаражаттар бұл шотқа, олар біздің Skrill-әмиянға жеткеннен кейін түседі.
  2. Төлемді орындау үшін комиссия сомасы төлем сомасының 1% құрайды.
    Сіздің Skrill әмиянының валютасы АҚШ доллары болмаса, онда қаражаттар Еуропалық орталық банкінің бағамы бойынша аударылады. Төлем жүйесі айырбасталатын сомадан қосымша комиссия ұстайды.

Маңызды ақпарат

Бұл төлем жүйесін пайдалану туралы толық ақпарат Skrill сайтында орналасқан:

Тіркеу және белсендіру нұсқаулары.

Skrill әмиянын толықтыру және қаражаттарды шығару жолдары.

Шотты толықтыру кезінде туындайтын рұқсат ету проблемалары.

Қаражатты шығару

Әрекеттер кезегі

  1. Жеке Кабинеттегі «Қаржы» бөлімінде «Қаражатты шығару» парақшасында «Таңдау» пернесін басып, Skrill-мен шығару тәсілін таңдаңыз.
  2. Пайда болған терезеде шығарғыңыз келетін соманы және қорғау кодын енгізіңіз, содан кейін «Жалғастыруды» басыңыз.
  3. Есептен шығару рәсімін жалғастыру үшін, Сізге жүйенің автоматты түрде жасап шығарған төлемді растау SMS-кодын көрсету керек. Нәтижесінде қаражаттарды шығару тапсырысы құралады.

Төлем жасау шарттары

  1. Сіздің әмиянға төлемді аудару тапсырыс қалыптастырған күннен бастап 1 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
  2. Төлемді орындау үшін комиссия сомасы төлем сомасының 1% құрайды.
    Сіздің Skrill әмиянының валютасы АҚШ доллары болмаса, онда шығарылатын қаражаттар Еуропалық орталық банкінің бағамы бойынша аударылады. Төлем жүйесі айырбасталатын сомадан қосымша комиссия ұстайды.

Маңызды ақпарат

UBK Markets Компаниясы, қауіпсіздік мақсатында ұсынылған тіркелу параметрлері, сондай-ақ растайтын құжаттардың фото немесе сканерленген көшірмелері негізінде Клиентті сәйкестендіру бойынша қосымша жұмыстарды жүргізу құқығын өзінде қалдырады. Тексеру нәтижесінде Клиенттің нақты мәліметтерінің тіркелу параметрлерінде көрсетілгендермен сәйкессіздігі анықталса, оған нақты қаражаттармен жұмыс істеуге толық немесе ішінара бұғатталуы мүмкін.