Біздің Компаниямыздың басты артықшылықтарының қатарына – сенімді серіктестің іскерлік имиджі мен беделі жатады, бұл біздің Клиенттеріміздің табысты саудасының негізінде құралады және біздің танымалдығымыздың артуына өз септігін тигізеді.
Сауда-саттық айқындылығы. Біздің компаниямызда шот ашқан барлық Клиенттер бірдей мәліметтер мұрағаты мен котировкаларды, олардың барлық операцияларының есептемесін алады және тұрақты түрде шотты бақылай алады. iPA технологиясын қолданатын Компания Клиенттері, жасалған барлық сауда операциялары, шоттары мен сауда стратегиялары жүйелеріне толық қол жеткізе алады.
Мағлұматтарды ұсыну барысындағы ашықтық пен айқындықтың болуы, баға белгілеу тарихында сауда стратегияларын сараптаудағы дәлдікті қамтамасыз етеді және UBK Markets тарапынан қандай болса да бағаларды бұрмалау әрекетін болдырмайды, бұл тек табысты сауданы іске асырудың негізгі факторы болып табылады.
Өтімділік кепілдіктері. Клиенттерге ұсынылатын UBK Markets нарықтық өтімділігі үшін, кез келген нақты сәтте өтімділіктің қажетті мөлшерін алуға мүмкіндік беретін негіз ретінде ECN бизнес-үлгісі қойылады, бұл өз кезегінде сауда бұйрықтарын орындау кезінде жаңылысудың болмауын қамтамасыз етеді.
Осы қасиет, біздің Клиенттерімізге, нақты бағаларды қадағалауға және өздерінің сауда стратегияларына сәйкес келетін сауданың ең оңтайлы нұсқаларын таңдауға мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде Компания Клиенттеріне комиссиялық шығындары төмен және бағалары өте тиімді жоғары сапалы сауда шарттарын алуға мүмкіндік береді.
Ашықтық. Біз кез келген Клиент үшін ашықпыз –біздің Компания әрдайым кәсіби кеңес беріп және сұрақтарыңызға жауап бере алады. Біздің мақсатымыз – Клиенттерімізді табысты қызметке қол жеткізетін ең жоғары деңгейлі кеңестік және техникалық қолдаумен қамтамасыз ету.
Жаңалықтар ағымында, Компания, барлық жоспарланған және іске қосылған жаңалықтарды жариялайды. Соның арқасында, біздің Клиенттеріміз, кез келген уақытта Компанияның жұмысын реттейтін жаңалықтар мен құжаттар мұрағатын пайдалана алады.
UBK Markets мүдделері, біздің Клиенттеріміздің мүдделеріне қарсы келмейді, бұл іскерлік және сенімділік қарым-қатынастардың өрбуіне септігін тигізеді. Біздің Клиенттеріміз бен Серіктестеріміздің барлық ұсыныстары мен тілектері міндетті түрде Компания жұмысында ескеріледі, осы арқылы көрсетілетін қызметтер деңгейін жоғары деңгейге көтеруге мүмкіндік туады.