UBK Markets компаниясы 2011 жылы Кипр Республикасында тіркелген, ал 2012 жылы ол брокерлік қызмет атқаруға Құнды қағаздар мен CySEC биржалары бойынша мемлекеттік комиссия берген №186/12 лицензия алды.
Лицензияға сәйкес Компания төмендегідей негізгі қызметтер көрсетуге құқылы:
Компания сондай-ақ қосымша қызметтер көрсете алады, солардың ішінен мыналарды бөліп айтуға болады:
Құнды қағаздар мен CySEC биржалары бойынша мемлекеттік комиссия берген қаржылық қызметтер ұсыну саласындағы жұмыс жүргізудің барлық нормаларына сәйкес болу мақсатында UBK Markets компаниясы жыл сайын халықаралық KPMG аудиторлық компаниясы мамандарының аудиторлық тексерісінен өтеді.
UBK Markets компаниясы өз қызметінде iPro Marketplace сауда-талдау платформасын және интерфейстік шешімдерді пайдалана отырып, Клиентеріне әлемдік қаржы нарығында сауда операцияларын жүргізуге мүмкіндік береді. Аталмыш платформа Simcord компаниясы мамандарының әзірлемесі болып табылады, олар мұның негізіне сауда стратегияларын құрудың тұжырымдық жаңа жүйесін қалады және экономикалық деректер массивтерін талдаудың әртүрлі әдістерін біріктірді, ал бұл жалпы әлемнің қаржы нарықтарында табысты сауда жасау үшін қуатты негіз қалыптастырады.
Қаржы саласында көбіне жаңа технологиялардың арқасында дамитын басым бағыттарды бақылай отырып, Компания 2015 жылдан бастап өз Клиенттеріне iPA-Жүйесінің негізінде капитал басқару мүмкіндігін береді, бұл жүйенің өзекті компоненті (iPA Tехнология) провайдердің (iPA Басқарушы) сауда сигналдарын зияткерлік өңдеу алгоритмдеріне негізделген.
UBK Markets компаниясы қызметінің құрамдас бөліктерінің бірі: дамудың стратегиялық басымдықтарын, көрсетілетін қызметтер спектрін кеңейту, сондай-ақ UBK Markets-пен ықпалдастық аясында таңдалынуы мүмкін кез келген бағыт бойынша Клиенттердің табысты қызметін анықтау мақсатында қаржы нарығының барлық сегменттеріне мониторинг және талдау жүргізу болып табылады.