iPro Marketplace базалық жеткізілім релизінің ағымдағы нұсқасына өңделуіне сауда-талдау платформасының өңделуімен бірге орын алатын Send Report бағдарламасы кірді. Берілген бағдарламаны енгізу Техникалық қолдау қызметі мен пайдаланушылардың тиімді өзара әрекеттесуін реттеуге мүмкіндік беретін болады, бұл қателер орын алған кезде жауап қайтару жеделдігін жоғарылатады, сонымен бірге функционалды міндеттерді шешу мен сауда-талдау платформасының жұмысын ретке келтіруді жылдамдатады.
Send Report бағдарламасын іске қосқан кезде мыналар орын алады:
Send Report бағдарламасы мүлде қауіпсіз және басқа қосымшалардың жұмысына әсер етпейді. Жақын уақытта iPro Marketplace info ақпараттық-анықтамалық сайтында орналастырылатын бағдарламаны пайдалану бойынша нұсқаулықпен танысуға болады.
1.3.6 нұсқасына iPro Marketplace сауда-талдау платформасының ағымдағы бөлімдерінің мына жөндеулері кірді:
iPA-Басқарушылар шоттары үшін «Пунктермен көрсетілген баланс» параметрін есептеуге өзгерістер енгізілді:
iPro Marketplace жаңартылған нұсқасында бір уақытта бірнеше шотта сауда позицияларын қолмен және автоматты басқару тұжырымдамасы іске асырылған. iPro Marketplace жұмыс кеңістігінің көшірмесін құрудың жаңа арнайы функциясының арқасында екі және одан көп шоттарда сауда операцияларын жүргізетін трейдер алдында тұратын міндеттердің көпшілігін қолайлы және қауіпсіз шешуге болады.
Платформа «Нарықты саралау», «Сауда есептемелері» және «АСС Басқару» бөлімдерінің үйреншікті интерфейсімен 3 көшірме құруды қолдайды. Негізгі теңшеулерді таңдаумен қосымша авторланусыз көшірмені іске қосудың қарапайым және түсінікті үдерісі жүйенің ресурстарын оңтайлы пайдалануды қамтамасыз етеді, сондай-ақ негізгі нұсқаның деректері мен оның көшірмелерін барлық қауіпсіздік талаптарын сақтаумен ықпалдастыруға қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Барлық сауда операциялары көшірме мен негізгі нұсқа арасында синхронданады, осылайша бір уақытта бірнеше шотта да, бір шотта да, бірақ iPro Marketplace әр түрлі жұмыс кеңістіктерінде сауда жүргізу қол жетімді болады.
Стиль, тіл және оқиға туралы дыбыстық хабарламалар сияқты теңшеулер көшірмелерге негізгі нұсқадан мұраға беріледі. Сонда көшірмелер дербестендіруден шет қалған жоқ: компоненттердің орналасуы, кестелер мен графиктердің түрін әр көшірме үшін жеке теңшеуге болады, ал кейбір элементтер үшін орнатылатын арнайы түс қажетті жұмыс кеңістігін тез және оңай сәйкестендіруге мүмкіндік береді.
Технологиялардың қарқынды дамуы жағдайында сауда-аналитикалық платформаның жаңа функциясы пайдаланушыларға қойылған мақсаттар мен жоғары сауда нәтижелеріне қол жеткізу үшін одан да көбірек мүмкіндік береді.