iPA-Технологиясының алгоритмдері
iPA-Жүйесінің маңызды элементі бұл провайдердің (iPA-Басқарушының) сауда сигналдарын интеллектуалды өңдеу алгоритмдерін қолдану негізіндегі капиталды басқарудың бірегей технологиясы. iPA-технологиясының негізгі алгоритмдері — бұл мәмілені орындау кезінде тәуекелді азайту мен табыстылықты ұлғайту үшін сауда сигналдарының күрделі сараптамасын жүргізуге қажет, тәуекелді басқару алгоритмдері.
«iPA-Басқарушы» шоты
iPA-Басқарушысы шоты жүйенің бір құрамдас бөлігі болып табылады және iPA-Басқарушысына сауда сигналдарын жасауға арналған. Бұл шот түрі сауда шоты болып табылады, оның маржиналды талаптары жоқ, басқаша
айытқанда, Сізге сауда жасауға онда өзіңіздің ақшалай қаражаттарыңызды салып қажет жоқ.
iPA-Басқарушысы шоты ашқан кезден бастап, жүйе автоматты түрде бұл шоттың екі түрін жасайды:
«iPA-Инвестор» шоты
Жүйенің бұл компоненті iPA-Басқарушылардан алынған сауда сигналдары негізінде «iPA-Инвестор» шотында салынған қаражаттармен сауда операцияларын автоматты түрде орындауға арналған.
iPA-Басқарушысының сауда қызметінің нәтижелері Компанияның сайтында танысуға ашық болады (iPA-Басқарушылар Long List). Сонымен, iPA-Инвестордың өзінің қаржылық қызығушылықтар қағидаларына сәйкес, Басқарушының белгілі қаржы құралы мен сауда бұйрығы бойынша (Processed – өңдеу алгоритмдері бар, Original – өзіндік стратегиясы бар) стратегиясын таңдауға мүмкіндігі бар.
iPA-Инвестор осы сауда шотқа ақшалай қаражаттарды салғанда, iPA-Басқарушысы таңдаған стратегия бойынша салынған капиталдың қатысуымен, сауда бұйрықтарының автоматты орындалуын растайды.
Егер сауда шотын жасаған кезде iPA-Инвестор Original шотындағы қаржы құралын таңдаса, онда Басқарушысының өзіндік сауда бұйрықтары «iPA-Инвестор» сауда шотына алғашқы түрінде келеді.Егер сауда шотын жасаған кезде iPA-Инвестор Original шотындағы қаржы құралын таңдаса, онда Басқарушысының өзіндік сауда бұйрықтары «iPA-Инвестор» сауда шотына алғашқы түрінде келеді.
Егер Processed шотындағы қаржы құралы таңдалса, онда Басқарушысының iPA-Инвесторы капиталының қатысуымен сауда бұйрықтары провайдер жасаған сауда сигналдарына тек интеллектуалды өңдеу алгоритмдерін қолданғаннан кейін орындалады.
Тәуекелді азайту үшін сауда бұйрықтарын түрлендіру мен өңдеу
Басқарушысының сауда сигналдарын iPA-Инвестордың сауда шотына көшіру кезінде бірқатар сапа көрсеткіштері бағаланады, олардың ішінде әлеуетті пайдалылық та бар. Егер сараптау нәтижесінде, Провайдердің сауда сигналы негізінде қалыптасқан сауда бұйрығы Компания бекіткен тиімді сауда жасаудың стандарттары жүйесіне сәйкес болса, онда ол iPA-Инвестордың сауда шотына орындалуға алғашқы түрінде жіберіледі.
Ондай болмаған жағдайда, жүйе сауда бұйрығын орындауға бермейді немесе ордерді алдын-ала өзгертеді (позиция үлгісін өзгертеді), тек осыдан кейін ол «iPA-Инвестор» сауда шотына келеді де сауда операциясын орындауға негіз болады.
Жүйенің жұмысы iPA-Басқарушылары өздерінің жұмысына iPA технологиясының араласуын сезбейтіндей қылып жасалған.
iPA-Басқарушының сыйақыны алу
iPA-Басқарушы «iPA-Инвестор» шотындағы қаражаттармен сауда операциясын жүргізу нәтижесінде алынған пайданың бөлігі ретінде сыйақыны алады.
iPA-Инвесторлардың назарын аудару үшін, Басқарушыға сапалы (пайдалы) сауда үшін iPA технологиясы бойынша сауда жасау ережелерін сақтау ұсынылады, бұл әртүрлі статистикалық көрсеткіштерден тұрады (толығырақ iPA-Басқарушылар Long List қараңыз).
Жоғары сауда нәтижелері - iPA-Инвесторлардың жоғары сенімі. Басқаруда көп қаражаттар болса – көп жалпы сыйақы сомасы.