Тіркелу

Жалпы ережелер.

iPA технологиясы бойынша қалыптасқан сауда ережелері қаржы нарықтарының барлық әлеуетін қолдана отырып, капиталды басқарудағы ең биік нәтижелеріне жетуін қамтамасыз етеді.

iPA-Басқарушыларының Long List қалыптастыру ережелері

iPA-Басқарушыларының жұмыстарын сараптай келе, біз Traderank және «Пайдалылық» көрсеткіштеріне сүйеніп, сауда жасаудың жалпы бағасын бере отырып, көптеген факторларды есепке аламыз және әрбіреуін бағалаймыз. Дәл осы баға біздің iPA-Басқарушыларының Long List орындарды анықтайды.

Long List сауда жасау қызметі iPA-Инвесторлардың сауда шоттарына жасалған бұйрықтарды көшіру нәтижелері бойынша пайда әкелген iPA-Басқарушылар көрсетіледі. Бұл пайдалылықтың көрсеткішінің оң мәнімен көрсетіледі.

Long List қалыптастыруда сонымен қатар Traderank статистикалық көрсеткіші қатысады. Оның мәні жоғары болған сайын, Басқарушы iPA технологиясы стандарттарының ережелері мен қағидаларын дәлірек ұстанады. Әрбір iPA-Басқарушының сауда жасау сапасы бойынша толық ақпаратпен Жеке Кабинетте танысуға болады («Басқарушылар» бөлімінде, «Басқарушыны таңдау» парақшасында).

Біздің жүйе iPA-Басқарушыларының Long List автоматты түрде нақты уақыт режимінде қалыптастырады және жаңартып отырады.

«iPA-Басқарушы» шотын ашқан клиенттер, Long List тек бір қаржы құралы бойынша 15 сауда операциясын жасағаннан кейін кіре алады.

Long List өзіндік стратегиясы бар (Original шоттары) және iPA-Технологиясын өңдеудің интеллектуалды алгоритмдерін қолданатын (Processed шоттары) «iPA-Басқарушы» шоттарын iPA-Басқарушыларының қаржы құралдары бойынша сауда жасау қызметінің нәтижелері бойынша саралайды. Яғни, Сіз Processed шотымен өте жақсы сауда жасау нәтижесімен Long List беделді орында болып, бірақ Сіздің Original шотымен сауда жасау операциялары бойынша жақсы емес нәтижелеріңіз болуы мүмкін. Біз Сіздің табыстылығыңызға өзіндік стратегиясы бар және iPA-Технологиясы алгоритмдерін қолданатын «iPA-Басқарушы» шотының әрбір қаржы құралы бойынша бөлек есеп жүргіземіз. Статистикалық сараптау мәліметтеріне сүйене отырып, пайдалығы жоғары емес немесе жағымсыз кем дегенде 30% Original шоттары, iPA-Технологиясы бойынша сауда жасау қағидаларын ұстанғанда, сапалы (пайдалы) Processed шоттары бола алады.

iPA-Басқарушыларының сыйақысын таратып бөлу ережелері

Әр апта сайын біз iPA-Басқарушылар арасында, олардың сауда жасау нәтижелері бойынша сыйақыны бөліп таратамыз.

iPA-Басқарушысының сыйақысы оның сауда бұйрықтарының «iPA-Инвестор» шоттарына көшірілу нәтижелеріне тікелей тәуелді. Long List орын жоғары болған сайын, iPA-Инвесторлардың сенімі де жоғары болады. Басқарудағы қаражаттар көп болған сайын — сыйақы да жоғары.

iPA-Басқарушыларына кеңестер

Біз сауда жасау сапасын көтеруге арналған бірнеше қарапайым кеңестерді қалыптастырдық. Сіз осыларды ұстана отырып Өзіңіздің жалпы пайдаңызды айтарлықтай көтере аласыз:

  • Сауда жасаудың жүйелігі мен болжамдылығы. Сіздің сауда жасауыңыз болжамды және жүйелі сипатта болуы тиіс. Яғни, бейберекетті түрде сауда операцияларын жасамауыңыз керек. Сауда жасау шешімін қабылдағанда бірізді және әдісқой болуға тырысыңыз. Жүйеден тыс сауда жасау Traderank мәнін төмендетуге алып келеді. Біз iPA-Басқарушыларын мәміле саны бойынша шектемейміз, алайда 4 сауда аптасында Сізге кемінде 15 сауда операциясын жасау қажет. Олай болмаған жағдайда Сіздің сауда шотыңыз Сіздің саудалық белсенділігіңіз қалпына келгенше iPA-Басқарушыларының Long List алынады.
  • Stop Loss параметрінің динамикалық есебімен сауда жасау. Жүйелік Stop Loss-ты енгізгеннен кейін iPA-Басқарушысының қалыптастырған сауда сигналы жөндеуді талап етеді. Бұл үшін Компания тәуекелді басқаруды жеңілдететін үш кеңесті жетілдірді:
a) Бағаның жүйе қойған Stop Loss деңгейіне жетуіне жол бермеңіз. Олай болмаған жағдайда Traderank төмендейді.
б) Егер Сіз шығынды позицияларды iPA жүйесі қойған Stop Loss деңгейінен тыс жапсаңыз, баланстың оң динамикасы болған жағдайда Traderank мәні көтеріледі.
в) Егер Сіз шығынды позицияларды iPA жүйесі қойған Stop Loss деңгейінен тыс жапсаңыз, баланстың кері динамикасы болған жағдайда Traderank мәні өзгермейді.
  • Мәмілелердің сериялық болмауы. Екі мәмілені бір валюта жұбы бойынша бір бағытта ашу Traderank мәнін төмендетеді. Әрине, жоғары пайданы көздеген iPA-Инвесторларына жағымды болатындай, Сіз бірінші мәміле жабылмастан бұрын екінші мәмілені аша отырып, пайданы көтере аласыз. Алайда жүйе бұны қосымша тәуекел деп есептейді.
  • Пайдалықтың сауда позициясын нарықта ұстап тұру уақытына қатынасы. Бұл ереже, Сіздің аз уақыт ішінде барынша көп тармақтарды табыс етуңізді анықтайды. Мәмілені уақытында ең үлкен пайдамен жабу үшін оны нарықта болу уақытын реттеңіз. Осылай Сіздің Traderank мәніңіз көтеріледі.
  • Басқа iPA-Басқарушыларының мәмілерін көшіруге тыйым салынады. Егер iPA жүйесі Сіздің сауда шотыңызда мәмілердің көшірілгенін анықтаса, бұл сәйкесінше, Сіздің Traderank мәніңіздің төмендеуіне алып келеді.

Жалпы кеңес. Әрбір сауда аптасының соңында, жүйе автоматты түрде iPA-Басқарушылардың барлық ашық тұрған позицияларын жабады. Сіздің сауда шешімдеріңіз біздің алгоритм бойынша бірізді болып анықталу үшін, мәмілелерді жұманың, UTC бойынша 17:00 – ге дейін өзіңіз жабуға тырысыңыз. Сіздің әрекеттеріңізді жоспарлау жүйенің сауда стратегиясын бағалауына әрқашан жағымды әсер етеді. Бұл Traderank мәнінің көтерілуіне алып келеді.