Компания инвестициялық және ілеспелі қызметтерді ұсына алады немесе құжаттың Қосымшасында көрсетілген қаржы құралдарына қатысты инвестициялық қызметке қатыса алады.
Түсіндірмелер:
1. I–III — тиісінше № 144 (I)/ 2007 Заңының №3 қосымшасының I-III бөлімдерін білдіреді.
2. Тырнақшалардағы сандар осы түсіндірмелердің 1-тармағында белгіленгендей әр бөлімнің тармағына сәйкес келеді.
CySEC Құнды қағаздар мен биржалар жөніндегі комиссиясы қаржылық нарықтарды реттеуге жауапты және Кипр қор биржасын, сондай-ақ, инвестициялық қызметтерді беретін компаниялар бақылаушы орган болып табылады және барлық компаниялардың Еуроодақ заңдарына сәйкес қатал қаржы ережелерін ұстануына жауапты. CySEC ESMA құнды қағаздары мен нарықтары бойынша Еуропалық ұйымның мүшесі болып табылады жәен 2004 ж. MiFID Еуропалық кеңес директивасымен реттеледі.
CySEC комиссиясына келесі реттеу міндеттерін орындау үшін жауапкершілік жүктелген:
UBK Markets қаржылық қызметтің барлық ережелерін ерекше жауапкершілікпен сақтайды. Компания өз Клиенттерінің қауіпсіз және кәсіби сауда операцияларын іске асыру барысында сенімді қорғаныспен қамтамасыз етеді. Сонымен қатар CySEC лицензиясы бар Компания еуропалық биржаларда тікелей мүшелік болуға және Еуро одаққа мүше елдерде кеңсе ашуға құқылы.
Тіркелу. UBK Markets Ltd Компаниясы 2011 жылы Еуро Одақтың оңтүстік аумағында — Кипрде, Лимассол қаласында тіркелді. Registered address: KYRIAKIDES BUSINESS CENTER, 2d floor, Leoforos Spyrou Kyprianou, 67, 4003, Limassol, Cyprus.
CySEC Құнды қағаздар мен биржалар жөніндегі комиссиясы, қаржы секторы компанияларына қатаң талаптар қояды. Осыған байланысты UBK Markets операциялық қызмет жүргізуге, тұрақты есеп беруге және тексеруден өтуге қатысты бірдей болып табылатын қатал талаптарға сай. Бұл Клиенттерге UBK Markets брокерімен жұмыс істеу барысында сенімділік пен тұрақтылықты қамтамсыз етеді.
MiFID. UBK Markets қызметті еуропалық, халықаралық және жергілікті заңнамалық актілерге сәйкес жүргізеді, соның ішінде Еуропалық Парламенттің 2007.01.11 күні күшіне енген «Қаржы құралдары нарықтары туралы» (MiFID ) 2004/39/EC Директивасына сай. Осы Директива Еуропалық қаржы аймағына (EEA) кіретін елдерінде қаржылық қызметтің айқын әрі тиімді инфрақұрылымын қамтамасыз етеді, қаржы нарықтарының қатысушылары мен тұтынушыларының құқықтары мен мүдделерін қорғайды. Директива Кипрдің заңнамасына №144(I)/2007 "Инвестициялық қызметтер, инвестициялық қызмет пен реттемелі нарықтар" Заңымен енгізілді.
Инвесторлық өтемақы қоры
UBK Markets CIF (Cyprus Investment Firms) кипрлік инвестициялық компания клиенттері үшін Кипр Республикасының 2007 ж. № 144 заңына сәйкес ICF (Investor Compensation Fund) Инвесторлардың өтемақы қорының мүшесі болып табылады.