UBK Markets бренді 2011 жылы негізін қалады және әлемдік қаржы нарықтарында брокерлік қызмет көрсету мақсатында бірқатар елде Simcord компаниясы сауда белгісімен тіркелді. Simcord компаниясы, қаржы және инвестициялық салаларға арналған бағдарламалық жасақтама және зияткерлік-сараптамалық бағдарлама өнімдерін әзірлеуге маманданған.
UBK Markets Simcord компаниясы әзірлеген бағдарламалық жасақтама, негізінде, меншікті бірегей шешімдерін пайдаланады. Жоғары сапалы брокерлік қызмет көрсетуге негіз болып, және капиталды басқару мен қаржы нарықтарын сараптау саласындағы инновациялық шешімдерді қамтитын халықаралық патенттермен қорғалған iPro Marketplace сауда-сараптамалық платформасы саналады.
Сауда операцияларын жүргізу үшін, UBK Markets ECN (Electronic Communication Network) қаржы нарығында активтерді сатып алу-сату тапсырыстарын орындалуын қадағалайтын электрондық жүйесін қолданады, осы арқылы Компания Клиенттері төмен комиссиондық шығындар, әрі ең тиімді бағаны ұсынатын жоғары сапалы сауда шарттарына ие болады. ECN стандартының айтарлықтай артықшылығы – негізгі жүйенің қатысушыларының бүкіл өтімділігін қолдануға мүмкіндік береді. Құрамына ең ірі әлемдік ұйымдар кіретін, өтімділік жеткізушілер жүйесін ұлғайту жұмыстарының тұрақты түрде болуына байланысты, UBK Markets өзінің сауда шарттары мен көрсететін қызметтерінің сапасын жақсарту жұмыстарын жалғастырып келеді.
Ашықтықты қамтамасыз ету, басқару стандарттарын тұрақты түрде жетілдіру және қаржылық қызметтер көрсету саласында бизнес жүргізуді UBK Markets басымдығына жатқызуға болады. Басқарудың ең тиімді әдістерін негізге ала отырып, UBK Markets өз қызметкерлері арасында да, қаржы нарықтарының мүмкіндіктері жайлы енді ғана біле бастаған адамдар арасында да танымалдылық деңгейін арттыруда.