Тіркелу

Қаражатты салу және шығарып
алу амалдары.

Біз өзіміздің Клиенттерімізбен кез келген ақшалай есеп айырысуда қолайлылық пен сенімділіктің болуы аса маңызды екендігін өте жақсы түсінеміз. Біз өз шотыңыздағы ақша қаражаттын қолайлы әдіспен оңай салу және шығарып алу үшін көп күш салдық.

Банк аударымы
Қаражатты енгізу

Әрекеттер кезегі

  1. Жеке Кабинеттегі «Шотты толықтыру» бөлімінде «Таңдау» пернесін басып, төлем тапсырысымен (Invoice) толықтыру нұсқасын таңдаңыз.
  2. Пайда болған терезеде толықтырғыңыз келетін соманы енгізіңіз, содан кейін «Жалғастыру» пернесін басыңыз. Біздің жүйе автоматты түрде төлем тапсырмасы (Invoice) көмегімен қаражатты толықтыру тапсырысын жасайды.

Ескерту. Төлем тапсырмасының жасалған баспа үлгісінің барлық керекті деректемелері бар, және Сіз оның негізінде кез-келген банк бөлімшесінде өзіңіздің жеке шотыңыздан төлемді орындай аласыз.

Төлем жасау шарттары

  1. Жеке Кабинеттегі Сіздің Негізгі шотқа төлемді түсіру мерзімі Сіздің таңдаған Банкке толық тәуелді болып табылады және әдетте 1-3 жұмыс күні болады. Ақшалай қаражаттар бұл шотқа, олар Компанияның банк шотына жеткеннен кейін түседі.
  2. Төлемді жүзеге асыру үшін комиссия Сіз таңдаған банкпен бекітіледі.

Маңызды ақпарат

  1. Төлем тапсырысының жасалған баспа үлгісіне ешқандай өзгерістер енгізбеңіз — бұл төлем кезіндегі қатеге әкелуі мүмкін, нәтижесінде Сіз шотты толықтыра алмайсыз.
  2. Төлем тапсырысының (Invoice) баспа үлгісі негізінде төлерде, бұл операцияны орындау үшін алынатын комиссияның барлық түрлері туралы Сізге хабарланғанына көз жеткізіңіз.
  3. Егер банктік аударым үшінші тұлға атынан немесе төлем тапсырысының өзгертілген баспа үлгісімен орындалса, UBK Markets компаниясы алынған қаражаттарды аударым жасалған банктік шотқа кері қайтару құқығын өзінде қалдырады. Бұл жағдайда аударымды қайтаруға байланысты барлық шығындарды Клиент төлейді.
Қаражатты шығару

Әрекеттер кезегі

  1. Жеке Кабинеттегі «Қаржы» бөлімінде «Қаражатты шығару» парақшасында «Таңдау» пернесін басып, SWIFT төлем жүйесімен шығару тәсілін таңдаңыз.
  2. Пайда болған терезеде шығарғыңыз келетін соманы енгізіңіз, содан кейін «Жалғастыруды» басыңыз.
  3. Есептен шығару рәсімін жалғастыру үшін, Сізге жүйенің автоматты түрде жасап шығарған төлемді растау SMS-кодын көрсету керек. Нәтижесінде қаражаттарды шығару тапсырысы құралады.

Төлем жасау шарттары

  1. Төлемнің Сіздің банктік шотыңызға түсу мерзімі толықтай Сіз таңдаған банкке байланысты, және әдетте 1-3 жұмыс күні болады.
  2. Бір шығару операциясын орындау үшін комиссия бекітілген (яғни шығару сомасына байланысты емес) және 45,00 USD болады.

Маңызды ақпарат

  1. Қаражаттар Жеке Кабинеттегі Негізгі шотты соңғы рет төлем тапсырысымен толықтыру операциясы орындалған Клиенттің банктік шотына шығарылады. Егер шоттың дұрыс емес параметрлері көрсетілген болса, шот жабылған немесе бұғатталған болса немесе Негізгі шотты бұрын толтырған Клиенттің басқа шотына шығару керек болса, онда бұл шоттың дұрыс параметрлерін көрсету керек.
  2. UBK Markets Компаниясы, қауіпсіздік мақсатында ұсынылған тіркелу параметрлері, сондай-ақ растайтын құжаттардың фото немесе сканерленген көшірмелері негізінде Клиентті сәйкестендіру бойынша қосымша жұмыстарды жүргізу құқығын өзінде қалдырады. Тексеру нәтижесінде Клиенттің нақты мәліметтерінің тіркелу параметрлерінде көрсетілгендермен сәйкессіздігі анықталса, оған нақты қаражаттармен жұмыс істеуге толық немесе ішінара бұғатталуы мүмкін.