ЖАЛПЫ ӨЗГЕРІСТЕР
- интернет желісіне төмен жылдамдықпен қосылғанда сауда-сараптамалық платформаны жаңарту жүйесінің жұмысы оңтайландырылды.
- White Style стилін таңдағанда ақпаратты кестемен көрсететін компоненттердегі таңдалған жолды белгілеп көрсету түсі өзгерді.
- сауда-сараптамалық платформаның жұмысы үшін жеке компьютерлердің қолданатын ресурстары оңтайландырылды.
«НАРЫҚТЫ САРАПТАУ» БӨЛІМІ
«График» компоненті:
- барларды жасыру үрдісі оңтайландырылды, бұл графиктердің жүктелу уақытын жылдамдатты;
- шоттың түрін ауыстырғанда графиктің қол жетпестігі туралы ақпаратты хабарлама қосылды;
- «Трендтік сызық» құралы үшін «Нұсқарды қосу» қасиеті қосылды;
- графикті Сақтау немесе Басып шығару кезінде көрсетілетін алдын-ала қарау терезесіндегі графиктерді қате масштабтау жөнделді.
«Индикаторлар» компоненті:
- қондырылған индикаторлар үшін оларды графикте белгілеу үрдісінің анимациямен ере жүру функционалдық мүмкіндігі жасалды;
- «Таңдамалы» бөліміне қосылған индикаторлар үшін пайдаланушылар қондырған икемдеулерді сақтау мүмкіндігі қосылды;
- интерфейстің тілін ауыстырғанда «График» компоненті профильдерінде әдепкі қалпы бойынша көрсетілетін индикаторлардың бейімделуі жасалды;
- Support & Resistance индикаторлары үшін графикалық көрсетілім өзгерді және есептер оңтайландырылды;
- Fraсtals индикаторы үшін әдепкі қалпы бойынша қондырылған мерзімнің мәні өзгерді;
- «График» компонентіндегі бөлек терезелерде қондырылған индикаторлар үшін сауда-сараптамалық платформаны қайта қосқанда терезелердің биіктігін сақтау қосылды;
- индикаторлар Қасиеттеріндегі «Стиль» қосымшасында стильдердің аттарының дұрыс емес көрсетілуі жөнделді.
«Сауда» компоненті:
- белгіленген жағдайлар орын алған сәттен бастап, оны орындау үшін тапсырыстың бағасын сары түспен жарқырату функционалдық мүмкіндігі қосылды;
- кейінге қалдырылған тапсырыстарды жасау және өзгерту терезелерімен жұмыс жасағандағы «Біту» жолын пернетақтадан өзгерту мүмкіндігі жетілдірілді.
«САУДА ЕСЕПТЕРІ» БӨЛІМІ
- баланстың Графигінің дұрыс емес көрсетілуі жөнделді.
«Ыстық пернелер» функционалдық мүмкіндіктері қосылды:
- ◄ және ► – белсенді график кезінде графикті бір экранға айналдыру;
- Page Up и Page Down – белсенді график кезінде графикті бір экранға айналдыру;
- «–» и «+» – графиктің масштабын өзгерту;
- Ctrl+S – «Суретті сақтау» терезесін шақыру;
- Ctrl+P – «Басып шығару» терезесін шақыру;
- Ctrl+D – ағымдағы графикте «Күндерді көрсету» функциясын шақыру;
- Ctrl+G – графикте тордың түрін өзгерту;
- Ctrl+L – ағымдағы графикте көлемдерді қосу/өшіру;
- F9 – «Жана тапсырма» терезесін шақыру;
- End – графиктегі курсордың ағымдағы барға жылжуы;
- Ctrl+Z и Ctrl+Y – техникалық сараптау құралдарымен жасалған соңғы әрекеттердің 10-на дейін болдырмау және қалпына келтіру;
- Del – белсенді техникалық сараптау құралын жою;
- Тышқанның дөңгелегін басу – «Айқас» құралын шақырады.