Тіркелу

Компанияның бағдарламалық шешімдерінің соңғы жаңартулары.

iPro Marketplace — 1.3.3 Нұсқасы
Сәрсенбі, 5 сәуір 2017
ЖАЛПЫ ӨЗГЕРІСТЕР
  • iPro Marketplace циклдік жаңарту мәселесі жөнделді;
  • жұмыс алаңының астынғы жағында көрсетілетін компоненттердің биіктігі оңтайландырылды, әдеттегі жағдайда бұл компоненттер ең аз биіктікпен көрсетіледі;
  • жағдай жолағында сауда шотын таңдағанда немесе өзгерткенде қайта куәландыру алынды.

iPA-Басқарушылар шоттары үшін жағдай жолағында көрсетілетін «Пунктермен керсетілген баланс» мәнінің есебі жөнделді. Қолданыстағы есептеу алгоритмі төменде көрсетілген:

  1. Барлық белсенді валюта жұптары үшін пунктермен баланс ортақ болады. Мән 4 сауда аптасы негізінде есептеледі (егер 4 сауда аптасы болатын мерзімде 100 мәмілелерден көп жасалса, соңғы 100 мәмілелер негізінде). Бұл санды есептеуде болдырылмаған кейінге қалдырылған тапсырыстарсыз барлық белсенді валюта жұптары бойынша орындалған мәмілелер ескеріледі.
  2. Бесінші сауда аптасында табысқа алынған пунктер баланстың бұрын есептелген мәніне қосылады.
  3. Әрбір бесінші апта біткесін баланс пунктпен қайта есептеледі және 1 тармақта сипатталған ереже бойынша есептелген мән қалады.
«НАРЫҚТЫ САРАЛАУ» БӨЛІМІ
  • «Жаңа тапсырыс» терезесімен жұмыс жасағанда баға форматында Stop Loss және Take Profit мәндерін қондыру қателері жөнделді.
«Индикаторлар» компоненті:
  • сауда аптасының соңында Time Series Forecast индикаторы үшін соңғы мәнді көшіру жөнделді;
  • «Деңгейлер» және «Масштаб» параметрлерінің мәндерінің дәлдігіне байланысты жетілдірулер орындалды.
"График" компоненті:
  • «Көлденең сызық» құралы үшін «Баға» параметрі оңтайландырылды;
  • графикке салған кезде және олардың орындарын өзгерткенде графикалық сараптау құралдарының жұмысы жақсартылды;
  • құралды ауыстырғанда және сауда шотын өзгерткенде графиктегі бағамдардың дұрыс көрсетілуіне ықпал ететін жетілдірулер жасалды.
«САУДА ЕСЕПТЕРІ» БӨЛІМІ

«iPA сауда сапасы» компоненті:
  • есептерді көрсету параметрлерін өзгерткенде көрсеткіштердің мәндері қайта есептеу рәсімі оңтайландырылды (мерзімдер мен валюталық жұптар).
«СТРАТЕГИЯЛАРДЫ ӘЗІРЛЕУ» БӨЛІМІ

"Кодты өзгерту" компоненті:
  • protected DateTime Time { get { return DataProvider.TimeProvider.GetClientTime(); }} сервер уақытын сұрау функциясы жетілдірілді. Уақыт мәнін алған кезде, ол UTC форматына ауысады.
«СТРАТЕГИЯЛАРДЫ СЫНАУ» БӨЛІМІ
 
ЖАЛПЫ ӨЗГЕРІСТЕР
  • сыналатын стратегия үшін параметрлер жиынтығын қолдану алгоритмі жетілдірілді: сынауды қайта қосқанда стратегия соңғы қолданылған жиынтықпен қосылады;
  • оларды сынауға қосқан кезде Support & Resistance және Fisher Transform Oscillator индикаторларының салынуы жөнделді;
  • Time Series Forecast индикаторымен стратегияларды сынауды қосу кезінде платформаның жұмысы тұрақтандырылды.
«АСС БАСҚАРУ» БӨЛІМІ

"Навигатор" компоненті:
  • жоқ болғандағы «Пайдаланушылар стратегиялары» тақырыпшасының көрсетілуі кетірілді.
iPro Marketplace – 1.3.2 Нұсқасы
Бейсенбі, 16 ақпан 2017
ЖАЛПЫ ӨЗГЕРІСТЕР
  • платформа мен сервердің өзара іс-қимыл үшін жауапты бірқатар мәселелер шешілді;
  • куәландыру үлгісі шығардан бұрын жүктелі процесін көрсететін ақпараттық графикалық бетше қосылды;
  • сауда шотын таңдау немесе өзгерту кезіндегі платформаның жұмысы тұрақтандырылды;
  • нөлдік бағамен ашылатын тапсырыстардың мәселесі шешілді;
  • Stop Loss пен Take Profit деңгейлерін жөндеу бойынша мәселелер шешілді.
«НАРЫҚТЫ САРАЛАУ» БӨЛІМІ

«Дереу орындау» компоненті:
  • шот түрін ауыстырғанда лоттың көрсетілуі жөнделді.
«Индикаторлар» компоненті:
  • «Масштаб» параметрінің жұмысы жөнделді. Time Frame мәнін өзгерткенде индикатордың көрсетілуі өзгертілді;
  • бір терезеде салынған бірнеше индикаторлардың көрсетілуінің мәселелері шешілді.
«График» компоненті:
  • Time Frame үлкен емес мәндерінде графиктің көрсетілу мәселесі шешілді;
  • компьютердің «ұйқы» режимімен шыққаннан кейінгі бағамдардың тарихының көрсетілу мәселесі шешілді.
«СТРАТЕГИЯЛАРДЫ ӘЗІРЛЕУ» БӨЛІМІ

«Код редакторы» компоненті::
  • Stop Loss пен Take Profit деңгейлерін өзгерту әдісінің жұмысы жөнделді. Енді олардың мәндерін өзгерткенде жаңа баға ашылу бағасынан емес, ал ағымдағы бағадан есептеледі.
«СТРАТЕГИЯЛАРДЫ СЫНАУ» БӨЛІМІ
 
ЖАЛПЫ ӨЗГЕРІСТЕР
  • сынау процесі және визуализациямен және визуализациясыз нәтижелерді шығару оңтайландырылды: нәтижелердің айырмашылығы ең аз мөлшерге дейін азайтылды;
  • сынау параметрлерін өзгерту кезінде пайдаланушы индикаторларының көрсетілуіне байланысты жетілдірудер орындалды;
  • графикалық құралдары бар пайдаланушы индикаторларын сынау кезіндегі платформаның дұрыс жұмыс жасауы қалпына келтірілді;
  • пайдаланушы индикаторымен стратегияларды сынауда iPro Marketplace тұрақты жұмысы қалпына келтірілді;
  • сынау кезінде Stop Loss пен Take Profit деңгейлерін өзгертуді өңдеу жөнделді, өзгертілген мәндер ағымдағы бағадан есептеледі;
  • «iPA-Басқарушы» шотында сынау кезінде Баланстың пунктермен есебінің мәселелері шешілді;
  • параметрлердің жаңа жиынтығын сынау қосқандағы платформаның жұмысындағы қате жөнделді;
  • М1, М5, М15 Time Frame мезгілдерінде Time Series Forecast индикаторымен стратегияларды сынауды іске қосқанда платформаның жұмысының мәселесі шешілді.
«Т: Баланс кестесі» компоненті:
  • сынау кезіндегі баланстың өзгерісінің көрсетілуінің графикі жөнделді.
«СЫНАҚ ЕСЕПТЕРІ» БӨЛІМІ
  • есептерді жүктегенде мәмілелердің пікірлерін сақтау функциясы жетілдірілді.
«АСС БАСҚАРУ» БӨЛІМІ

«Навигатор» компоненті:
  • Интернетпен байланыс болмағанда жұмысқа қосылған стратегияның көрсетілуі жетілдірілді;
  • пайдаланушы стратегиясын кетіргенде болатын маңызды қателер жөнделді;
  • стратегияны кетіргенде дыбыс хабарландыруы қосылды.
«Оқиғалар журналы» компоненті:
  • стратегияның жұмысын іске қосқанда және қайта қосқанға байланысты хабарландырулар толықтырылды.
iPro Marketplace – 1.3.1 Нұсқасы
Жұма, 23 желтоқсан 2016
ЖАЛПЫ ӨЗГЕРІСТЕР
  • Шотты ауыстырғанда және Time Frame мәнің ауыстырғанда қосымшаның жұмысы оңтайландырылды;
  • Авторландырылғанда немесе шотты ауыстырғанда тарихи позицияларды жүктеу рәсімі оңтайландырылды және жеделдетілді;
  • «Ұйқы» режимінен шыққанда және сервермен байланыс үзілген кездерде жадыны жоғалту жойылды. Сервермен байланысты қалпына келтіргесін қосымша автоматты түрде қосылыс пен компоненттер жұмысын қалпына келтіреді;
  • Нөл бағасымен ашылған тапсырыстардың көрсетілімі мен жабылған мәмілелердің көрсетілімінің мәселесі жөнделді.
«НАРЫҚТЫ САРАЛАУ» БӨЛІМІ

«Индикаторлар» компоненті:
  • «Таңдаулы» қосылған индикаторлардың икемдеуін сақтауға байланысты мәселе жөнделді;
  • Индикаторлардың масштабымен жұмыс жасағанда көрсетілетін қателер жөнделді;
  • Индикаторлардың салынуы жөнделді: Sample Alligator, Ichimoku, Stohastic Oscillator және Pivot.
«График» компоненті:
  • Time Frame үлкен мәндері үшін графиктің жүктелі жылдамдығы мен көрсетілуі оңтайландырылды;
  • Сервермен байланыс болмағанда графиктегі позицияның көрсетілуі үшін жауап беретін графикалық компоненттің жұмысы жөнделді.
«СТРАТЕГИЯЛАРДЫ ӘЗІРЛЕУ» БӨЛІМІ

Құралдар тақтасы:
  • Қосылған функциялар:
  • — «Қалай сақтау». Функция файлды Стратегия (Индикатор) кодымен пайдалынушының жұмыс компьютеріндегі көрсетілген папкаға сақтауға мүмкіндік береді.
  • — «Жүктеу». Функция iPro Marketplace-ке файлдарды Стратегия (Индикаторлар) кодтарымен жүктеуге мүмкіндік береді. iPro Marketplace тек .cs (C# (.net) файлдар) түрлі файлдарды жүктеуді қолдайды.
«СТРАТЕГИЯЛАРДЫ СЫНАУ» БӨЛІМІ
  • «АСС Басқару» бөліміне Стратегияларды жіберу рәсімі оңтайландырылды және бөлімге жіберілген Стратегиялардың «екі еселену» мәселесі шешілді;
  • «Нарықты саралау» бөлімінің «Сауда» компонентінде Стратегияны сынау кезінде ашылған мәмілелердің көрсетілуі жойылды;
  • «Параметрлер» компонентіне жетілдірулер жасалды. Сынау рәсімі аяқталғасын Стратегия (Индикатор) параметрлері өзгертуге қол жетімді болады.
«СЫНАҚ ЕСЕПТЕРІ» БӨЛІМІ
  • Бөлімнің компоненттерінің көзге көрінісіне жетілдірулер жасалды.
«АСС БАСҚАРУ» БӨЛІМІ

Құралдар тақтасы:
  • Тоқтатылған Стратегиялар үшін «Start/Stop» пернесінің көрсетілуі жөнделді. Уақытша тоқтатылған Стратегияның жұмысын қалпына келтіру тек оны толықтай тоқтатқаннан кейін болады.
iPro Marketplace – 1.3.0 Нұсқасы
Сенбі, 19 қараша 2016

1.3.0 Нұсқасы iPro Marketplace сауда-сараптамалық платформасынының келесі ағымдағы бөлімдерінің жақсартуларын қамтиды:

ЖАЛПЫ ӨЗГЕРІСТЕР
  • Сауда-сараптамалық платформамен жұмысқа байланысты анықтамасы бар iPro Marketplace info ақпаратты-анықтамалық сайтының іске қосылуымен, бағдарламада белсенді бөлім туралы анықтамалық ақпаратқа басқару жинақтамасындағы «?» пернесі немесе F1 батырмасымен өтуге мүмкіндік пайда болды.
«НАРЫҚТЫ САРАПТАУ» БӨЛІМІ
«Сауда» компоненті:
  • «Сауда» компонентіндегі позицияны жылдам жабу алгоритмі жақсартылды, серверден жауап алуға дейінгі «Позицияны жабу» пернесін қайта басу мүмкіндігі жойылды.
«Индикаторлар» компоненті:
  • Time Series Forecast индикаторын құрастыру кезіндегі қателер жөнделді;
  • Aroon, Average Directional Movement, Bollinger Bands, Gator Oscillator индикаторлары үшін Moving Average индикаторының орналасуы таңдау терезесі кетірілді — ол графикте бірден көрсетіледі;
  • келесі индикаторлар үшін Moving Average индикаторының көрсетілуі жөнделді: Accelerator Oscillator, Aroon Oscillator, Awesome Oscillator, Fisher Transform Oscillator, Market Facilitation Index, Volumes;
  • бөлек бөлімшеде қондырылатын индикаторларды масштабтау мүмкіндігі қосылды. Бұл индикаторлардың параметрлеріне «Масштаб» қосымшасы қосылды, онда олардың ең кішкентай және ең үлкен мәндерін енгізуге болады.
«График» компоненті:
  • графикке сызған кезде графикалық сараптау құралдарының жұмысы оңтайландырылды;
  • графиктегі бағалардың Bid/Ask сызықтарының көзге көрінісі жақсартылды;
  • суретті сақтаған кезде таңдалған iPro Marketplace стилінің көрінісі жөнделді;
  • Кейінге қойылған мәміледе көрсетілген бағаны өзгерту үшін, енді Ctrl пернесін ұстап тұрып графиктегі сәйкесінше сызықты жылжытып жасауға болады. Кейінге қойылған мәміленің SL және TP деңгейлерін (сонымен қатар, дереу орындалатын ордерлер үшін де) орнату немесе жылжытуды тышқанның сол жақ пернесін ұстап тұрып жасауға болады.
    Кейінге қойылған мәміледе көрсетілген, Alt пернесін ұстап тұрып бағаның мәні бар сызықты жылжыта отырып, осы бағаның мәнін және оған орнатылған SL және TP деңгейлерін өзгертуге болады.
«САУДА ЕСЕПТЕРІ» БӨЛІМІ
  • «Cерияның ұзақтығы» көрсеткішінің есебі жөнделді. Есеп мына формула бойынша есептеледі: Серияның соңғы мәмілесін жабу Күні – Серияның 1-ші мәмілесін ашу Күні (жағымды және жағымсыз пайдасы бар мәмілелер үшін).
«iPA-Басқарушы» шоттары үшін

«iPA сауда сапасы» индикаторы іске асырылды, ол «Сауда есептері» бөлімінде көрсетіледі және «iPA-Басқарушы» шотында сауда жасау стилінің маңызды көрсеткіштері туралы хабарлайды. Бұл индикатордың көрсеткіштеріне сүйене отырып, пайдаланушы мынаны біле алады: өзінің дұрыс бағытта бара жатқанын, немесе өзінің саудаға көзқарасын реттеу қажет екенін. Индикатор 3 көрсеткіштерден тұрады:

  1. «Сауданың пайдалылығы»: сауда құралы бойынша оңтайлы пайда ұсынылатын Stop Loss мәнінің 2/3 болуы керек. Бұл көрсеткіштің деңгейі неғұрлым жоғары болса, сауда стратегиясы соғұрлым iPA технологиясы стандарттарының сауда жасау қағидаларына сай болады.
  2. «Мәмілерді ұстап тұру уақыты»: бес сағаттан кем — жоғары деңгей, бес сағаттан он сағат аралығы — орташа деңгей, он сағаттан аса — төмен деңгей.
  3. «Сауда қарқындылығы»: тәулігіне бір мәміледен артық — жоғары деңгей, тәулігіне бір мәміле — орташа деңгей, тәулігіне бір мәміледен кем — төмен деңгей.
ЖАҢА БӨЛІМДЕРДІ ІСКЕ ҚОСУ

Ағымдағы нұсқаға төрт жаңа бөлімдер кірді: «Стратегияларды әзірлеу», «АСС Басқару», «Стратегияларды сынау» және «Сынақ есептері». «Стратегияларды сынау» және «Сынақ есептері» бөлімдері «Стратегияларды әзірлеу» бөліміне қосымша болады және тек «Стратегияларды әзірлеу» бөлімінің iPro Marketplace жөнге салуында белсендірілсе ғана көрінеді.

Бұл жаңалық iPro Marketplace сауда-сараптамалық платформасының жаңа бөлімдері мен компоненттерінің мақсаттары мен жұмысы туралы қысқаша ақпараттан тұрады.

«СТРАТЕГИЯЛАРДЫ ӘЗІРЛЕУ» БӨЛІМІ
  • жаңа «Стратегияларды әзірлеу» бөлімі C# заманауи бағдарламалау тілінің негізінде автоматтандырылған сауда стратегияларын (АСС) және техникалық индикаторларды жасауға арналған;
  • бұл бөлім «Навигатор», «Код редакторы», «Қателер», «Оқиғалар журналы» компоненттері мен бағдарламалық кодпен жұмыс жасауға арналған барлық керекті элементтер орналасқан құралдар жинақтамасын біріктіреді.
«Навигатор» компоненті:
  • мында пайдаланушылардың және негізгі сауда стратегиялары мен индикаторларының тізімдері көрсетілген. Негізгі бағдарламалар iPro Marketplace-пен бірге жеткізіліп бағдарламалық алгоритмдерінің мысалдары болады;
  • жұмысқа керекті бағдарламаны таңдау мүмкіндігі ұсынылған, ал «Көшіру» және «Жою» пернелерін қолданып, сәйкесінше таңдалған бағдарламаның көшірмесін жасауға немесе пайдаланушының бағдарламасын кетіруге болады.
«Код редакторы» компоненті:
  • стратегия/индикатордың кодын өзгерту мүмкіндігі, бір уақытта ашық 32 қосымшамен жұмыс жасауға рұқсат береді.
«Қателер» компоненті:
  • «Қателер» компоненті кодты компиляция жасау кезінде анықталған қателерді көрсетуге арналған.
Құралдар жинақтамасы:

«Стратегияларды жасау» бөлімінің жинақтамасындағы құралдар стратегия/индикатордың кодымен жұмыс жасауға және жасалған стратегия/индикаторды «Стратегияларды сынау» бөліміне жіберуге арналған:

  • кнопка «Плагиндер мен компоненттер» (PC) пернесі— бұл бөлімде қол жетімді плагиндер мен компоненттерді қосу/сөндіру
  • кнопка «Жасау» пернесі — пайдаланушының стратегиялар/индикаторлар тізіміне қосылатын жаңа стратегиялар/индикаторларды жасау;
  • кнопка «Сақтау» пернесі — стратегия/индикатордың кодындағы өзгерістерді сақтау;
  • кнопка «Қиып алу» пернесі — «Код редакторы» жұмыс алаңындағы кодтың белгіленген бөлігін кесіп алу;
  • кнопка «Көшіру» пернесі — «Код редакторы» жұмыс алаңындағы кодтың белгіленген бөлігін алмастыру буферіне көшіру;
  • кнопка «Қою» пернесі — «Код редакторы» жұмыс алаңындағы кодтың көшірілген бөлігін алмастыру буферінен қою;
  • кнопка «Артқа» — «Код редакторы» жұмыс алаңындағы артқа қадамы;
  • кнопка «Алға» пернесі — «Код редакторы» жұмыс алаңындағы алға қадамы;
  • кнопка «Барлығын таңдау» пернесі — «Код редакторы» жұмыс алаңындағы барлық кодты таңдау;
  • кнопка «Табу» пернесі — «Код редакторы» жұмыс алаңында код бойынша іздеу;
  • кнопка «Ауыстыру» пернесі — «Код редакторы» жұмыс алаңында кодтың мәтінін ауыстыру;
  • кнопка «Құрастыру» пернесі — «Код редакторы» жұмыс алаңында кодтың компиляциясын бастау;
  • кнопка «Сынақ жүргізу» пернесі — таңдалған стратегия/индикаторды «Стратегияларды сынау» бөліміне жіберу.
«СТРАТЕГИЯЛАРДЫ СЫНАУ» БӨЛІМІ

Бөлім арнайы математикалық алгоритмдер негізінде жасалған және АСС пен индикаторлардың жұмысын бағалауға мүмкіндік береді.

Бөлімніңнегізгі қызметтері:

  • таңдалған стратегия/индикаторды сынауды бастау және тоқтату;
  • сынауға таңдалған стратегия/индикатордың параметрлерін жөнге салу.

Бөліммен жұмыс кезіндегі қосымша мүмкіндіктер:

  • сыналатын деректерге қолмен бұйрықтар жасау;
  • сыналатын стратегияның параметр жиынтығын жасау/кетіру.

«Стратегияларды сынау» бөлімі құралдар жиынтығы мен жеті компоненттен тұрады, олар «Стратегияларды әзірлеу» бөлімінде жасалған стратегиялар мен индикаторларды сынау және оңтайландыру үшін қажет. Бұл бөлімнің барлық компоненттері «Т» әріпімен белгіленген, бұл сауда-сараптамалық платформаның басқа бөлімдерінің осындай компоненттерінен оңай айыру үшін жасалған.

«Навигатор» компоненті:

Компонент пайдаланушылардың және негізгі стратегиялар/индикаторларының тізімінен тұрады. Негізгілері iPro Marketplace-пен бірге жеткізіледі және нарықта жұмыс жасау үшін пайдаланылуы мүмкін. Пайдаланушылардың стратегиялары мен индикаторлары тізімінде «Стратегияларды әзірлеу» бөлімінде жасалғандары болады. Сіз стратегия мен индикаторды таңдап, сынау үшін «График» компонентіне қоса аласыз. Оны үш жолмен жасауға болады:

  • — стратегияның атауының жанындағы пернені басыңыз;
  • — тізімдегі стратегияны екі рет басыңыз;
  • — курсорды ұстап тұрыңыз да, оны сүйреп графикке тастаңыз.
«Параметрлер» компоненті:

Стратегиялар мен индикаторлардың жасалу кезінде ішіне енгізілген белгілі бір параметрлері бар. Олардың мәндерін Сіз сол компоненттерде өзгерте аласыз, сонымен қатар жаңа жиынтықтарды жасап пайда болған құрамдастырымдарды сақтай аласыз. Ол үшін «Параметрлер жинағын жасау» пернесін басыңыз, оның атауы мен сипаттамасын енгізіңіз. Жаңа жинақтама «Параметрлердің жинақтары» бөлімшесінде пайда болады. Жинақтаманы кетіру үшін, оны тізімнен таңдап «Жою» пернесін басыңыз. «Параметрлер жинағын қолдану» пернесі Сізге стратегия немесе индикаторды таңдалған мәнімен сынауға мүмкіндік береді.

«График» компоненті:

Бөлімнің негізгі жұмыс аймағы сынау үшін қосылған графиктері мен стратегиялары бар қосымшалардан тұрады. Графиктің төменгі жағындағы прогресс-бар сынаудың барысын көрсетеді. Прогресс-бардың сол жағында «Стратегияларды сынау» бөліміндегі құралдар жинақтамасында таңдалған сынаудың бастапқы күні, оң жағында — сынаудың соңғы күні көрсетіледі.

«График» компонентінен стратегияны немесе индикаторды қосымшаның төбесіндегі «Жабу» пернесін басып кетіруге болады. Сондай-ақ «Навигатор» компоненті арқылы кетіру мүмкін болады. Бұл үшін Сізге мысалы, белгіленген қосымшада орналасқан сауда стратегиясын тізімнен таңдап, оны екі рет басу немесе оның атының жанындағы пернеге басу керек. Бұнымен, стратегия орналасқан қосымша, белсенді болып қалады, және Сіз сынау үшін оның үстіне басқа сауда стратегиясын жылжытсаңыз болады.

«Баланс кестесі» компоненті:

«Баланс кестесі» Сіз сынау барысындағы сауда шотының балансының өзгерісін, ал «Көлемдер» пернесіне басқан кезде — орындалған мәмілердің салыстырмалы көлемдерін көре аласыз.

«Сауда» компоненті:

«Сауда» компонентінде сынау кезіндегі барлық ашық позициялар және кейінге қалдырылған ордерлер, сонымен қатар шоттағы қаражаттар көлемі, маржиналдық қамсыздандыру деңгейі және ағымдағы пайданың жалпы сомасы көрсетіледі. Сынау кезінде Сіз ашық позицияны кестеде оның үстіне екі рет басып қолмен өзгерте аласыз, немесе құралдар жинақтамасындағы «Ордер» пернесіне басып жаңасын аша аласыз. Бұнымен сынау тоқтатылады. Сіз аша алатын валюта жұбы мен позиция үлгісін Сіздің сынау алдында анықтайтыныңызды айта кету керек.

Құралдар жинақтамасы:

Құралдар жинақтамасы графиктің көрсетілуін, сынау параметрлерін жөнге салуға және сыналатын мәліметтерде графикалық және техникалық сараптау жүргізу үшін арналған.

Графиктің көрсетілуін жөнге салу элементтерімен жұмыс және сыналатын мәліметтерде графикалық және техникалық сараптау жүргізу «Нарықты саралау» бөліміне ұқсас.

Сіз мына элементтер арқылы сынау параметрлерін жөнге келтіре аласыз:

  • «Уақыт интервалын таңдау» пернесі сауда стратегиясы немесе индикатордың тиімділігін тексеретін мерзімді таңдауға арналған. Үлкен уақыт аралығы бағаны модельдеу мен сынауды орындауға көп уақытты талап ететіне назар аударыңыз.
  • «Белгі таңдау» пернесі валюталық жұпты таңдауға арналған. Графиктің төменгі бөлігінде орналасқан басқару элементтерімен валюталық жұпты таңдауға болады.
  • Time Frameмәнін сәйкесінше пернелерді басып таңдауға болады.
  • «Үлгілеу түрі» пернесі. Тарихи мәліметтерді модельдеу үлгісі сынаудың маңызды параметрлерінің бірі болып табылады. Мәліметтерді дұрыс таңдаған кезде стратегияның жұмысының нәтижелері оның нақты жағдайлардағы саудада көрсететіне жақынырық болады. Жылдам бағалау үшін Сізге «Ашу бағалары бойынша» үлгісін таңдау керек, бұл қалыптасқан барларда жұмыс жасайтын стратегиялар үшін жарамды. Бұл жағдайда, позицияларды ашу немесе жабу үшін маңызды сигналдар ретінде бар немесе шам құрастыралатын таңдалған уақыт аралығының ашылу бағаларының тарихи мәліметтері болады. «Бақылау нүктелері» модельдеу үлгісін таңдағанда, сынау ашылу және жабылу бағалары туралы тарихи мәліметтерде, сондай-ақ баға жеткен ең жоғарғы және төменгі мәндерде орындалады, бұл бардың ішінде стратегияны жылдам бағалау немесе оңтайландыру үшін ең қолайлы болып табылады. Бұл модельдеу үлгісінде тиктердің жасалуы келесі тәртіппен жүреді: M5→M1, M10→M1, M15(20, 30)→M5, H1→M15, H2(3)→M30, H4(6)→H1, H8→H2, H12→H3, D1→H6, W1→D1, MN→W1.
    «Әрбір тик» үлгісі модельдеудің ең дәл нұсқасы болып табылады, себебі бұл әдісте бағаның негізгі мәндерінен басқа, бар немесе шам ішіндегі әрбір тикті модельдеу орын алады.
  • «Спред» пернесі. Сынау нәтижелерінің дұрыстығына спредтің мөлшері әсер етеді, оны Сіз өзіңіз «Бекітілген спред» жолағында 0-ден 1 000-ға дейінгі аралықта енгізе аласыз. Сонымен қатар, iPro Marketplace-те динамикалық спредті қолдану мүмкіндігі іске асырылған, бұл нарықтың құбылмалылығы жағдайында стратегияның пайдалылығын бағалаудың дәлдігін көтереді. Нақты мәнге ең жақын болатын спредтің мәнімен сынау үшін «Нақты спред» тармағын таңдау қажет.
  • «Жайғасым түрі» жолағы. Сынау кезінде стратегиямен бірге ашылатын позициялардың түрлерін ұсынылған тізімнен таңдауға болады. Стратегияның алгоритміне байланыссыз, ол тек таңдалған позицияларды ашады: сатып алуға және сатуға, сатып алуға ғана немесе сатуға ғана.
  • «Бастапқы баланс» жолағы. Баланстың бастапқы мәнін шоттың негізгі валютасымен 100-ден 1 000 000 аралығында орнатуға болады.
  • «Визуализация» жалаушасы. Егер визуализация қосылып тұрса, сынау барысын график пен төменде орналасқан компоненттерде қарап тұруға болады. Ал егер визуализация сөндіріліп тұрса, сынау барысын тек графиктің астындағы индикаторда қарап тұруға болады. Сынаудан кейін, Сіз баға қозғалысының графигін көре аласыз, сондай-ақ алынған нәтижелерді сараптай аласыз.
  • «Сынау жылдамдығы» жолағы сынаудың жылдамдығын өзгертуге арналған. Жылдамдықтың мәндерінің аралығы: 1-ден 1 024-ке дейін, қадамы = 32.
  • «Сынауды бастау» пернесі. «Сынауды бастау» пернесін немесе пернетақтадағы «Бос орын» батырмасын басқан соң берілген мерзім мен бекітілген параметрлер бойынша бағаның модельдеуі басталады. Модельдеуден кейін сынау басталады.
  • «Пауза» пернесі. «Пауза» пернесі қолданып, стратегия немесе индикатордың параметрлерінің мәндерін өзгертуге болады.
  • «Сынау процесін тоқтату» пернесі стратегия немесе индикатордың жұмысын көрсетілген күннен бұрын тоқтатып алынған нәтижелермен танысуға көмектеседі.

Сауда стратегиясы немесе индикаторын сынап алып, Сізге оларды нақты жағдайларда қолдану үшін басқа бөлімге жылжыту керек. Бұл үшін Сізге құралдар жинақтамасындағы арнайы пернені пайдалану қажет. Стратегиялар «АСС Басқару» бөліміне, ал индикаторлар «Нарықты саралау» бөліміне жіберіледі. Тек пайдаланушылардың индикаторларын жіберуге болатына назар аударыңыз, себебі негізгі индикаторлар бұл бөлімде басынан бастап қол жетімді. Стратегиялар сынау кезінде жасалған барлық параметрлер жиынтығымен жіберілетінін айта кету керек.

iPro Marketplace-пен жұмысты аяқтағанда, стратегия немесе индикаторды сынау кезінде жасалған параметрлер жиынтығын сақтағаныңызды тексеріңіз. Сонымен қатар «График», «Баланс кестесі», «Сауда», «Мәмілелер тарихы» және «Оқиғалар журналы» компоненттерінде сауда-сараптамалық платформаны жапқанда, мәліметтер кетіріледі.

«СЫНАҚ ЕСЕПТЕРІ» БӨЛІМІ

Бұл бөлім «Стратегияларды сынау» бөлімінде АСС-ын сынау барысында алынған сауда есептерін қарауға арналған.

Бөлімнің негізгі қызметтері:

  • «Стратегияларды сынау» бөлімінде таңдалған АСС-ын сынау барысында алынған статистикалық және сараптамалық ақпаратты қарау;
  • «Стратегияларды сынау» бөлімінде таңдалған АСС-ын сынау барысында алынған пайдалылық графиктері мен сауда шоты балансының өзгерісін қарау.

«Сынақ есептері» бөлімінде сонымен қатар, сынау есептерін мына пішімдерде сақтау мүмкіндігі қарастылылған: HTML, PDF.

Сынаудың есебін қарау үшін бұл бөлімдегі құралдар жинақтамасында сыналған АСС-ның атын таңдау керек.

«АСС БАСҚАРУ» БӨЛІМІ

Бөлім автоматтандырылған сауда кезінде АСС-ын жұмысқа қосуға арналған.

Бөлімнің негізгі қызметтері:

  • таңдалған АСС-ы бастау және тоқтату;
  • іске қосылған барлық АСС-ның жұмысын тоқтату/қайта бастау;
  • АСС жұмысына таңдалған параметрлерді жөнге салу (АСС-ын іске қосуға қажет).

Бөліммен жұмыс кезіндегі қосымша мүмкіндіктер:

  • таңдалған АСС көшірмесін жасау;
  • «AСC басқару» бөлімінен таңдалған АСС кетіру.

«АСС Басқару» бөлімінде сондай-ақ ордерлерді қолмен жасау мүмкіндігі қарастырылған

«АСС Басқару» бөлімі «Навигатор», «АСС параметрлері», «График», «Нарықты шолу», «Индикаторлар» компоненттері мен нақты жағдайларда сауда стратегияларын басқару қызметтері бар құралдар жиынтығынан тұрады. Сонымен қатар мында «Сауда», «Мәмілелер тарихы» және «Оқиғалар журналы» компоненттері қол жетімді.

«Навигатор» компоненті:

«Навигатор» компонентінде сауда-сараптамалық платформа құралдары арқылы жасалған және оңтайландырылған негізгі және пайдаланушылардың стратегиялы бар.

«Навигатор» компонентінде тиісті пернені пайдаланып, барлық стратегиялардың жұмысын тоқтатуға болады. Осылайша, жаңа мәмілелер стратегиялармен ашылмайды, ал ашық тұрғандары қолмен басқаруға өтеді. Бұл перне қайтадан басылса, стратегияның жұмысы жалғасады, және тоқтатуға дейін стратегиялар қойған нарықтағы ордерлер, қайтадан сол өздерін жасаған сауда стратегияларымен басқарылатын болады. Бұл перне стратегияның жұмысын тек тоқтата тұратына назар аударыңыз, бұл оларды «Стратегияларды сынау» бөлімінен көшіруге рұқсат береді.

«Навигатор» компонентінде стратегияны таңдап «Стратегияны көшіру» пернесіне басып, Сіз басқа параметрлер жиынтығымен іске қосуға болатын көшірмесін жасайсыз. Сондай-ақ, стратегияның көшірмесін, бұрын қолданылған стратегияны басқа валюталық жұптың бағамының графигіне қосып жасауға болады.

«Навигатор» компонентіндегі «Жою» пернесі графиктің қосымшаларының ешбіреуіне қосылмаған стратегиялар үшін белсенді. Түпнұсқаны кетірген кезде, жұмыс жасап тұр-тұрмауына байланыссыз барлық көшірмелері де кетірілетінін айта кету керек.

«АСС параметрлері» компоненті:

Сауда стратегиялары сынау кезінде жасалған барлық параметрлер жинақтамаларымен бірге «АСС Басқару» бөліміне жіберіледі. «АСС параметрлері» компонентінде Сіз олардың кез-келгенін сәйкесінше пернеге басып немесе теру жолына екі рет басып қолдана аласыз. Сондай-ақ Сізде стратегия іске қосылатын жаңа мәндерді беруге мүмкіндік бар.
Мәндердің жаңа жиынтығын сақтау немесе ескісін кетіру үшін Сізге «Стратегияларды сынау» бөлімін жөніне келтіру керек және стратегияны қайтадан «АСС Басқару» бөліміне жіберу керектін айта кету керек. Сауда стратегиясын қайта жазуды тек ол іске қосылмаған болса ғана болатынына назар аударыңыз.

«График» компоненті:

Сауда стратегиясын жұмысқа қосудан бұрын оны «График» компонентіне қосу керек. Бұны «Навигатор» компонентінен үш жолмен жасауға болады:

  • — стратегияны компоненттен курсорды ұстап тұрып графикке сүйреп апару;
  • — оның атауының жанындағы пернені басу;
  • — тізімдегі жазбаға екі рет басу.

Бағамдар графигі құрастырылған валюта жұбын өзгертуді Сіз, оны құралдар жинақтамасынан таңдап, «Нарықты шолу» компонентінен белсенді графиктің қосымшасына сүйреп немесе «Графикті ауыстыру» пернесін басып жасай аласыз.

«Индикаторлар» компоненті:

Бұл бөлімде автоматты сауда мен техникалық сараптаудың барлық артықшылықтарын пайдалануға мүмкіндік беретін «Индикаторлар» компоненті қолжетімді болады. Компоненттің арнайы бөлімшесінде Сіз жасау кезінде стратегияға қосылған индикаторларды көре аласыз. Осындай индикаторларды тоқтату үшін Сізге «Стратегияларды жасау» бөлімінде кодтың стратегиясына сәйкесінше өзгерістер енгізіп, «АСС Басқару» бөлімінде сауда стратегиясын алдын-ала сынап ауыстыру керек. Бұл бөлімшеде сонымен қатар «Индикаторлар» компонентіндегі стратегияға қосылған индикаторлар көрсетіледі. Бұндай индикаторларды сөндіру стандартты тәсілдермен орындалады:

  • — екі рет басу;
  • — «Сөндіру» пернесімен.
Құралдар жинақтамасы:

Графиктің көрсетілуінің жөнге салуының элементтерімен жұмыс пен графикалық және техникалық сараптама «Нарықты саралау» бөліміне ұқсас.

«Бастау» пернесі:

Сауда стратегиясын жұмысқа қосу үшін Сізге құралдар жинақтамасындағы «Бастау» пернесін басу керек. Стратегиялардың позицияларды ашу мен жабуын Сіз «Сауда» мен «Мәмімелер тарихы» компоненттерінде қарап отырсаңыз болады — «Пікірлер» жолағында қайсібір мәмілені орындаған стратегиялардың атаулары тұрады. «Оқиғалар журналы» компоненті сауда шотында болып жатқан барлық оқиғалар тарихын бақылауға рұқсат береді.

«Тоқтату» пернесі:

Іске қосылған стратегияны қайта жазуға немесе Time Frame-ді ауыстыру үшін, Сізге оны құралдар жинақтамасындағы «Тоқтату» пернесін басып толықтай тоқтату керек. Бұл жағдайда, осы стратегиямен ашылған барлық мәмілелер нарықта қалады, және олардың өзгертілуі немесе жабулуын қолмен жасау керек.

Сауда-сараптамалық платформаны жапқанда немесе сауда шотын ауыстырғанда стратегияның жұмысы толықтай тоқтайды, содан кейін оны қайтадан қосуды қолмен жасау керектігі маңызды. Сондай-ақ, стратегиялардың жұмысы онлайн-байланыс болмаса тоқтайды, бірақ байланыс қалпына келсе қайтадан іске қосу автоматты түрде болады.

iPRO MARKETPLACE-ТІҢ КЕЛЕСІ ЖАҢАРТЫЛУЫНЫҢ ХАБАРЛАНДЫРУЫ

Келесі жаңартуда жаңа мүмкіндіктерді қамтамасыз ету жоспарланып отыр:

  1. iPro Marketplace көшірмесін жасау. Бұл қызмет iPro Marketplace жұмыс алаңының әмбебап көшірмелерін жасауға рұқсат береді, нәтижесінде бір уақытта бірнеше шоттармен жұмыс жасауға болады, бұл қаржы нарығында белсендірек және әр қырлы сауда жасауды мүмкін етеді.
  2. Контекстік мәзірді шақыру. iPro Marketplace-тың әрбір компоненті үшін контекстік мәзірді шақыру арқылы басқару мүмкіндігі қосылады.
  3. Үлкен көлемді тарих болған жағдайда мәмілелер тарихын жүктеуді оңтайландыру.
  4. iPro Marketplace жаңа бөлімдерін аяқтау және жетілдіру.
ӘЗІРЛЕУШІЛЕРДЕН

Компанияның мамандары ыңғайлылықтың негізгі ұстанымдарына жауап беретін, пайдаланудың ең жоғары жайлылығы мен тиімділігі үшін, iPro Marketplace жаңа 1.3.0 нұсқасымен мұқият жұмыс істеді. Осы нұсқада жұмыс істеген кезде, біздің Клиенттер автоматтандырылған сауда жасаудың барлық артықшылықтарын сезіне алады. Біз Сіздің ескертулер мен ұсыныстарыңыз үшін ашықпыз — бұл біздің платформаны одан да пайдалы және өнімді етуге мүмкіндік береді.

iPro Marketplace – 1.2.7 Нұсқасы
Дүйсенбі, 28 желтоқсан 2015
ЖАЛПЫ ӨЗГЕРІСТЕР
  • iPro Marketplace жасыру-зердесімен жұмыс жақсартылды, бұл жаңарту кезінде сауда плафтормасының жұмысын тұрақтандырады;
  • «Нарықты сараптау» және «Сауда есептері» бөлімдеріне байланысты жұмыс оңтайландырылды және қателер жөнделді;
  • жаңа позицияны ашу кезінде Stop Loss және Take Profit параметрлерін ортану мүмкіндігі қосылды. Бұл параметрлерді «Жаңа тапсырыс» терезесінде бағаның мәнін немесе пунктерді көрсетіп орнатуға болады;
  • ақпаратты қарау ыңғайлылығы үшін «Сауда», «Мәмілелер тарихы», «Оқиғалар журналы» компоненттерінде бағандардың ені өзгертілді;
  • «Сауда» компонентінде «Пунктер», «Комиссия», «Своп» бағандарын көрсету/жасыру мүмкіндігі қосылды;
  • байланыстың күйінің индикаторының стилі White Style болып жаңартылды;
  • компоненттердің қосымшаларын жабу терезесінде сауда платформасының бейімделу қателері түзетілді.
«iPAММ-Басқарушы» шоттары үшін
  • iPAMM технологиясы бойынша ақшалай қаражаттарды инвестициялау мүмкіндігінің жақында пайда болуымен, iPAMM-Басқарушының шотында тапсырыс ашылғанда комиссия қосылды, оның мәні пунктермен және сауда шарттарында көрсетіледі;
    Компанияның сайтында ұсынылған «Мәмілелердің толық тарихы» есебінде iPAMM-Басқарушының шоты үшін мәмілелеге пунктермен комиссияның мөлшері көрсетілген жол қосылды;
  • iPAMM-Басқарушының нарыққа сәтін дұрыс есептеу үшін, сондай-ақ белгілі деңгейден жоғары шығынды алу ықтималдығын азайту үшін тапсырыстың динамикалық Stop Loss есебі жасалды;
    Stop Loss деңгейінің ең үлкен рұқсат етілетін мәні тапсырысты жасау терезесінде көрсетіледі;
    «Нарықты сараптау» бөліміндегі құралдар тақтасында «Графикте сауда позицияларын көрсету» пернесі үшін «iPAMM Stop Loss» меню қосылды, оның белгісі бойынша Stop Loss деңгейінің ең үлкен рұқсат етілетін мәні графикте көрсетіледі;
  • iPAMM-Басқарушының шоттары үшін жұма күні нарықтың жабылуы туралы хабарлама қосылды.

«НАРЫҚТЫ САРАПТАУ» БӨЛІМІ
  • графикалық сараптау құралдарын салу ыңғайлығы үшін оларды автоматты түрде бағаның қасына жалғау функциясы қосылды;
  • Time Frame мәндерін таңдағанда көрсетілетін жүзіп шығатын ескертулер қосылды;
  • iPro Marketplace түстік гаммасын икемдегенде шамдардың бұрыс көрсетілу қате жөнделді.
«График» компоненті:
  • графикте ашық тұрған позициялардың көрсетілу функциясы жақсартылды;
  • көшіргеннен кейін автоматты түрде белгілеуді алып тастау функциясы қосылды.
«Индикаторлар» компоненті:
  • индикаторлардың құрылысында қателер түзетілген;
  • Moving Average индикаторын басқа индикаторларға қолдану мүмкіндігі қосылды;
  • Time Series Forecast индикаторын құрастырғанда пайда болатын қателер түзетілген;
  • индикаторларды «Таңдамалыға» қосқандағы қателер түзетілген.

«САУДА ЕСЕПТЕРІ» БӨЛІМІ
  • Интернет байланысы болмаған кезде есептерді басып шығару мүмкіндігін қосылды;
  • «Сауда есептері» бөлімінде мәліметтерді жүктеуді күткенде кестелерде сызықтарды (бос ұяшықтардың орнына) көрсету қосылды;
  • сауда есебінде (pdf, HTML) «Ең үлкен мәміле» параметрінің көрсетілу пішіні %-бен өзгертілді, бүтін сандықтан ондыққа.