Тіркелу

Компания жаңалықтары.

Сауда шарттарының өзгерістері
Сейсенбі, 28 наурыз 2017

Қаржы нарығында клиенттердің өзіндік сауда операцияларын орындау үшін Кипр инвестициялық компаниялары (CIF) ұсынатын сауда шарттарына директива негізінде (30.11.2016 ж. күнгі циркуляр C168) Кипр Республикасының Құнды қағаздар және биржалар бойынша комиссиясы (CySEC) өзгерістер енгізу керек екенін хабарлаймыз.

Біздің Компанияның ағымдағы нормалары мен талаптарына сай Нақты шоттардың сауда шарттарына өзгерістер енгізу керек. Реттеушінің жоғарыда көрсетілген талабына сай, ағымдағы сауда шарттарын ескере отырып, осы шоттар түріне әдеттегі жағдайда 1:50 ден жоғары болмайтын кредиттік иін бекітілуі керек.

Жоғарыда көрсетілген жаңартулар негізінде, біз сонымен қатар «iPA-Инвестор» шотының сауда шарттарына да өзгерістер енгізуді шештік, бұл кредиттік иінді қолдануда сауда шарттарын бірыңғай стандартқа алып келеді. Енді баланстағы қаражаттардың көлемі 10 000 USD дейін «iPA-Инвестор» шоттары үшін кредиттік иін 1:50 болады (бұрын — 20 дан 100 USD ға дейін 1:100; 100 дан 10 000 USD ға дейін 1:20).

«iPA-Инвестор» шоттары үшін сауда шарттарына өзгерістер енгізгесін iPA-Басқарушылар Long List жарияланатын табыстылық 1:20 кредиттік иінінен 1:50 кредиттік иініне қайта есептеледі, бұл жарияланатын табыстылықты көбейтеді. Бұл iPA-Инвесторға iPA-Басқарушылардың сауда стратегияларының тиімділігін жаңа сауда шарттарымен бағалауға мүмкіндік береді.

Жүйенің жоспарлы жаңартылуы және Клиенттерге қызмет көрсетудегі өзгерістер
Сенбі, 4 наурыз 2017

Компания көрсететін қызметтерге қатысты өзгерістер туралы хабарлаймыз. Келесі жаңартуларды ең тиімді түрде пайдаланып, бұл жақсартулар біздің Серіктестер мен Клиенттерге сәтті қызмет жүргізуге мүмкіндік береді:

  • Ваучермен қаражаттарды шығару. Жеке Кабинеттегі Негізгі шоттан қаражаттарды ваучермен шығару мүмкіндігі қосылды, бұл Серіктестік бағдарламасының қатысушының шотына қаражаттарды аудару операциясын орындауға мүмкіндік береді.
  • Traderank жалпы көрсеткіші енгізілді. Traderank көрсеткішінің мәні iPA-Басқарушысы сауда қызметінің мәмілерін орындаудағы жүйелік, болжамдық және реттілікті бағалайды. Енді әрбір iPA-Басқарушысына Original және Processed шоттары үшін Traderank көрсеткішінің жалпы мәні (барлық белсенді сауда құралдары бойынша орташа арифметикалық) есептеледі. Сонымен, Traderank мәні жоғары болған сайын, iPA-Басқарушысы стратегиясы жалпы тұрақтырақ болады (барлық сауда құралдары бойынша). Яғни, Traderank көрсеткішінің жоғары мәні бар шоттар iPA-Инвесторлар жағынан шынайы сенімге ие болады.
  • Қоржындар үшін «Табыс USD-мен» және «%-бен табыстылық» параметрлерін есептеу механизмі жақсартылды. Енді бұл параметрлердің мәндері баланстық сызыққа қатысты дәлірек болды, бұл әрбір Қоржынның алған пайдасын едеуір тезірек бағалауға мүмкіндік береді.

Кипр Республикасының бағалы қағаздар Комиссиясының (CySEC), директивасына (Циркуляр CI144-20102-09, file E.K.6.1.14) сүйене, 11.03.2017 ж. Клиенттердің Жеке Кабинеттерінің Негізгі шоттары арасындағы қаражаттарды бастап ішкі аударымдар қызметі уақытша тоқтатылады. Директива қаражаттарды жуу және терроризмді қаржылауды анықтау және болдырмауға байланысты рәсімдерін сақтауға бағытталған. Кипрлік Инвестициялық Фирма (CIF) статусы бар барлық компаниялар ішкі төлемді орындау қызметін көрсету кезінде, келесі қимылдарды жасау керек, бұлар жалпы бұл қызметтің электрондық түрде қолданылуы және өткізілуін едеуір қиындатады:

  • Шоттар арасында қаражаттарды аудару үшін белгіленген тапсырыс және қабылдау үлгісін толтырып, жекелей түрде қол қойып және компанияға оның скан көшірмесін жіберу керек.
  • Ақшалай қаражаттарды аударуды орындар алдында компанияның өкілетті қызметкері тапсырысты және ақшалай қаражаттарды қабылдауды телефонмен немесе басқа әдіспен растау керек.
  • Қаражаттарды жуу және терроризмді қаржылауды болдырмауға байланысты рәсімдерді сақтау бойынша компанияның қызметкері бланктегі қолдардың шындығын тексеріп, себептің жазуын жасап Қаражаттарды аударудың мақсаттарының заңдылығын растау керек.

Клиенттердің Жеке Кабинеттерінің Негізгі шоттары арасындағы қаражаттарды ішкі аудару қызметін көрсету процесі CIF үшін CySEC рәсімдерімен енді едеуір қиындағанға байланысты, бұл қызмет қазіргі күйінде тоқтатылады. Компанияның бизнес-процесстерін ретке келтіргесін және көрсетілетін қызметтің жоғарыда көрсетілген директиваның барлық шарттарына сәйкестігін қамтамасыз еткесін, бұл қызмет біздің Серіктестер мен Клиенттердің ыңғайлы жұмысына қайтарылады.

Traderank жалпы көрсеткіші қалай есептелетіні туралы және оның мәні iPA-Инвестор таңдауына қалай әсер ететіні туралы қосымша ақпаратты Сіз мына мақаланың материалдарынан ала аласыз:

iPA-Басқарушылар Long List сұрыптау және фильтрация құралдарын қосу
Сенбі, 11 ақпан 2017

Компанияның қызметтері мен өнімдерінің әрбір жаңартуы Серіктестер мен Клиенттер үшін ең жақсы жұмыс жағдайын қамтамасыз етуге бағытталған. Өздеріңіз білетіндей, Клиенттеріміздің ұсыныстары мен тілектері жоспарлы жаңартуларды жасауға маңызды негіз болады. Бүгін компанияның қызметтері мынадай мүмкіндіктерді алды:

  • iPA-Басқарушылар Long List сұрыптау және фильтрация құралдарын қосылды. Енді iPA-Инвестор одан да тезірек өзінің шешімімен ең тиімді сауда стратегияларын таба алып, сонымен өзінің пайдалы Қоржындарын құра алады.
  • Қоржындардың сауда нәтижелері ақшамен көрсетілген (алынған пайда). Қоржындар Long List сауда нәтижелері енді ақшамен көрсетілген, бұл әрбір Қоржынның сенім деңгейіне жағымды әсер етеді және iPA-Инвесторға нақты алынған пайдаға бейімделуге мүмкіндік береді.
  • Жеке Кабинеттің «Бухгалтерлік» бөлімі өзгертілді. Ол енді «Қаржы» деп аталады, «Қаражатты енгізу» парақшасы Жеке Кабинеттің бөлек «Шотты толықтыру» бөліміне шығарылды.
  • ECommPay төлем жүйесімен төлем туралы түбіртекті жіберу. Жеке Кабинеттің Негізгі шотын сәтті толықтырғасын Клиентке автоматты түрде Email-ге төлем туралы түбіртек pdf үлгісінде жіберіледі.

Біз iPA-Басқарушылар Long List сұрыптау және фильтрация құралдары iPA-Инвесторға барынша ең табысты Қоржындарды құруға сауда стратегияларын дәл таңдауға мүмкіндік береді деп сенеміз.

Қосылған iPA-Басқарушылар Long List сұрыптар және фильтрлерін қалай қондыру және қолдану туралы толық ақпаратты мына мақалалардан ала аласыз:

Компанияның өнімдері және қызметтерінің жүйелік жаңартылуы
Сенбі, 4 ақпан 2017

Біз алдыңғы жаңалық шолуларында хабарлағандай Компанияның өнімдері мен қызметтерін жақсарту мақсатында Клиенттер мен Серіктестердің пікірлері мен біз жинаған нәтижелер негізінде жоспарланған жаңартулар болады.

Біз бүгін біздің мамандар сапа мен серверлер жұмысының тұрақтылығын жақсарту жұмыстарын жүргізгенін хабарлаймыз. Өз кезегінде, бұл кейінге қалдырылған ордерлердің жұмысының дәлдігі мен барлық шоттар түрлерінің сауда есептерін жасау жылдамдығын жақсартуға мүмкіндік берді. Біздің клиенттердің «iPA-Инвестор» шотымен тұрақты жұмысына қол жеткізілгенін және Қоржындар Long List ақпараттарының дұрыс емес көрсетілгені жөнделгенін бөлек айту керек. Бұрын айтылғандай, Long List iPA-Басқарушыларының сұрыптау және фильтрлеу құралдары толықтай қолдануға 11.02.2017ж. қол жетімді болады.

Сондай-ақ, жақын арада әр Қоржынның сауда нәтижелері (алынған пайда) қазіргідей пунктермен емес, ақшамен ұсынылатын болады. Бұл жаңарту iPA-Инвесторларға сауда сигналдарын көшіру үшін Қоржын таңдағанда нақты алынған пайданы және Қоржын Менеджері басқаратын ақшалай қаражаттардың сомасын көруге мүмкіндіп беріп, яғни олардың әрбір Қоржынға сенімділігіне жағымды әсер етеді.

Бұрынғыдай, Клиенттер мен Серіктестерге ең ыңғайлы жұмыс істеу үшін ең қолайлы және тиімді шарттарды қамтамасыз етуге және олардың жоғары көрсеткіштерге қол жеткізу үшін біздің қызметтерді жетілдіруге Компания міндеттенеді.

Қоржындарды жариялау - қаржылық табысқа жету үшін дұрыс бағыт
Сенбі, 28 қаңтар 2017

2017 жылдың басынан бастап ұзақ уақыт өткен жоқ, бірақ бүгін біз жаңа функционалдық мүмкіндік туралы хабарлауға дайынбыз — Қоржындар Long List жариялану ашылды.

2017 жылдың 28 қаңтарынан бастап әрбір iPA-Инвестор өзінің қоржынын жариялай алады, сондықтан Қоржындар Менеджері мәртебесін ала алады.

Көп ұзамай жеке ақшалай қаражаттарын басқаруға орналастырған, Клиенттің шотына Қоржынның сауда сигналдарын көшіруге мүмкіндік беретін, қажетті процестер түзетілетін болады. Осылайша, Компанияның пайда алуға қызығушылығы бар клиенттері кез-келген жарияланған Қоржынды таңдап, оны өзінің капиталымен толтыра алады.

Қоржынның Long List сауда нәтижелері неғұрлым жоғары болса, соғұрлым көп Клиенттер оның тиімділігіне назар аударып және осы Қоржынды өздерінің қаржылық қызығушылықтары негізінде таңдайды. Сонымен, Қоржындар Менеджерінің өзі тек өзінің орнын айтарлықтай жоғарылатып және Компанияның Науқанын жеңуге жақындай қоймай, сонымен қатар өзінің табысын жақсартып оны ұлғайтады. Long List жарияланудың өзі Науқанға қатысуға кепілдік береді.

Сондай-ақ Компанияның келесі қызметтерін пайдалануда болған өзгерістер туралы хабарлаймыз:

  • Қоржынның сауда нәтижелерінің көрсетілу үлгісін таңдау. Енді iPA-Инвестор Қоржынның сауда нәтижелерінің көрсетілуінің ыңғайлы үлгісін таңдай алады — «USD –мен табыс» немесе «%-бен табыс».
  • Сауда шоттарындағы оқиғаларды көрсету. Сауда есептері браузерлердің икемдеулеріне байланыссыз UTC уақыты бойынша ақпаратты көрсетеді.
  • «iPA-Инвестор» шоты үшін сауда шарттары. Мани-менеджмент (әртүрлі сауда стратегиялары бар iPA-Басқарушылар сауда сигналдарын көп мөлшерді көшіруді азайту) сапасын жақсарту мақсатында және сонымен Қоржынды басқару тиімділігін жақсарту үшін сауда шарттары өзгерді.

    — қаражат болмаса, 50 USD;
    — қаражаттың жалпы көлемі 50 USD тең немесе одан көп болса, 25 USD.

04.02.2017 ж. жоспарланған iPA-Басқарушылар Long List жаңартылуы болатынына назар аударамыз. Ең үздік және тұрақты Басқарушыларды ең ыңғайлы іздеу/таңдау әдістері қосылады — дұрыс қаржы шешімін қабылдауға жалпы көмегін тигізетін әртүрлі фильтрлер және сұрыптау қағидалары.

Сапаны жақсарту, тиімділік мен ыңғайлылықты арттыруға бағытталған жаңа мүмкіндіктер мен Компанияның жаңартылған қызметтері біздің Клиенттердің қаржылық жағдайын нығайтуға және табысқа қол жеткізуге көмектеседі деген сенімдеміз.